Жұма, 17 мамыр, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздікке 30 жыл: Қызылордада мотошеру өтті

28.06.2021

1772 0

Қала әкімдігі мен «Ауған соғысының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» атты мотошеру өтті.


Белсенді жастардың басын қосып, патриоттық рухты көтеруге бағытталған мотошеру Тасбөгет кентінен бастау алып, «Тағзым» алаңына келіп аялдады.
Алаңда азаттық жолында құрбан болған ардагерлердің рухына тағзым етіліп, 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.
Шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің еңселі болуына тілек білдірді.
Шара соңында Қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Әлібек Жаров Ауған соғысының ардагерлері атынан аталған шараның жас буынға берер тәрбиелік мәніне тоқталып өтіп, оны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен қала әкімдігіне ризашылығын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: