Жұма, 29 наурыз, 06:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті

07.04.2022

1558 0

Бүгін «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

Бұл күні, 7 сәуір 1995 жылы, ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық сарбаздар Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің, қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.

Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

– Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерін қадірлеп-құрметтеуді өзіміздің борышымыз деп білеміз. Кеудесін оққа тосып, өздерін жасындай өмірін тәуекелге тіккен жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан ел есінде, ұрпақ жадында сақталады, – деді.

Сондай-ақ, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың ардагерлер одағының Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы алғысын білдірді.

Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: