Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Трактор құрастырған қария

21.12.2020

2887 0

Тың жаңалық тасада қалмау керек! Қала тұрғыны Есенбек Сейітов жүк тиегіш трактор құрыстырып шығарды. Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырған зейнеткердің бұл техникасы есік алдындағы жұмысты тындыруға жарап тұр. Бүгінде өнертапқышқа тапсырыстар түсуде. Зейнеткер техниканың бөлшектерін өз қаражатына алып, жинап шығарған.

– Ғаламтордан қарап оты­рып, жүк көлі­гін құрастыра бастадым. Алдымен мотор сатып алдым, содан сон зейнетақы түскен сайын бір бөлшектен алып құрастыра бердім. Бар­лық бөлшектерді металл база­сынан жинақтап, кейбірін қол­дан дәнекерлеп жасадым. Трактордың отырғышына Газел­­дің орындығын, «Волга» қоз­ғалтқышын, «Мерседес» көлігінің дөңге­ле­гін, «Уаз» көлігінің рөлін, басқа 7 ав­то­көліктің бөлшектерін пайда­лан­дым. Жүк тиегіш трактор шаруа қожалықтарына тапсырмас техника, – дейді зейнеткер Есенбек Сейітов.

Ол төтенше жағдайлар саласында ұзақ жыл жұмыс iстеген. Жасаған трактордың бiр ерекшелiгi жанармайды аз шығындайды. Демек шаруаның бар қажетiне жарап-ақ тұр. Алдағы уақытта тапсырыстар көбейiп жатса, жұмыс көлемiн ұлғайтуды көздеп отыр.

«Техниканы бәрі күшті екен деп жатыр. «Қаншаға сатасыз? Көлігіңізді қаншаға бағалайсыз?» дейді. Білмеймін, есептеген жоқпын деп құтыламын»  – дейді  ақсақал.

Бұл трактор жеңіл әрі қарапайым тәсілмен жасалған. Егер бір жері жарамсыз болып қалса, кез келген механизатор оның тілін тауып, жасайды. Ең бастысы, бағасы арзан. Яғни, шетелдік баламасынан 6-7 есе төмен. Қаңқасын қара темірден құрастырып, қосалқы бөлшектерін әртүрлі техникадан жинақтаған. Қысқасы, жоқтан бар жасап, темірге жан бітірген. Талаптыға талас жоқ. Қара жұмыстан қашпайтын қария алдағы уақытта жүк тиегіш тракторды әлі де жетілдірмек ниетте.

Суретті түсірген

Нұрболат Нұржаубай

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: