Жұма, 26 сәуiр, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындар не дейді?

31.12.2021

908 0

Айкен Баймаханова, зейнеткер:

– Жақсыны жасырмай айтқан абзал. Қызылорда қаласы қарқынды дамып келеді. Біз осыған қуанамыз. Дарияның сол жағалауында жаңа қала салынып жатқанын балаларым айтып, риза болып отыр. Маған балалардың қуанышынан артық қандай бақыт бар. Жастардың болашағы үшін жасалған әрбір іс бізге қуат сыйлайды. Аман болыңдар, айналайындар. Немерелермен қыды­рып баратын әдемі әсем жерлер жеткілікті. Ел ағаларына аналық алғыстан басқа айтарым жоқ.

Раш Алтынбекова, қала тұрғыны:

– Жасыратыны жоқ, жасалған жұмыстың жемісін жұртшылық көріп те келеді. Деген­мен мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Алда әлі алуан істер күтіп тұр. Сабалақ саяжайына жол, көлік мәселесі шешілсе, Астана шағын ауданына балабақша салынса нұр үстіне нұр болар еді. Қазір барлық балалар телефонға таңулы. Сондықтан оларды сабақтан тыс уақытта мәдени-спорттық шараларға көптеп баулыған дұрыс болады. Сонда ғана межелі мақсат-мұратымызға же­теміз.

Мөлдір Айтбай, жас ақын:

– Туған өлкеміздің өсіп өр­кен­деп жатқаны жанымызға шуақ сыйлайды. Салтанат көшін­дегі Сыр елі бұдан да биік белестерді бағындыра бермек. Қалада қоғамдық көлік мәселесі ретке келтірілсе, жастардың жұмыссыздық деңгейі азайса деген тілегім бар. «Қаламгерлер» алеясы мен «Сыр ана» монументі маңайы абаттандырылса, көктемде көптеп ағаш көшеттері отырғызылса жас­тардың жиі бас құрайтын рухани орнына айналмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: