Сенбі, 07 желтоқсан, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жер алу тәртібі өзгерді

05.02.2022

1534 0

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидалары» өзгерді. Қағида бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер берудің жаңа тәртібі белгіленіп, жер алу тәртібі өзгерген. Бұл туралы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов қала әкімдігінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

– 2021 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру құзыреттілігі сәулет және қала құрылысы органдарына жүктелді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидалары» әзірленді. Қағида бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер берудің жаңа тәртібі белгіленіп, жер алу тәртібі өзгертілді. Қазіргі уақытта осы тәртіп бойынша сәулет бөлімі тарапынан тиісті шаралар жүргізілуде, – деді бөлім басшысы.

Одан бөлек, бөлім тарапынан қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында сыртқы жарнама нысандарының уақытылы жаңартылуы және көшеге төгілген құрылыс материалдары мен заңсыз қойылған дүңгіршектерді алу бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

2021 жылы өз бетінше салынған және заңнама талаптары бұзылған 43 кәсіпкерлік нысан бойынша Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына тиісті ақпарат берілген. Сонымен қатар қызыл сызық талабын бұзған тұрғын үйлер бойынша 76 тұрғын үй мен коммерциялық нысандардың меншік иелерімен тиісті жұмыстар жүргізіліп, артық қоршаулары алынған.

Айта кету керек, 2021 жылы қала бойынша жалпы ауданы 287,5 мың шаршы метрді құраған 1910 жеке тұрғын үй мен жалпы ауданы 109,9 мың шаршы метр болатын 26 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға қабылданған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: