Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жерасты суы жанданбақ

15.02.2022

1341 0

Сырдария өзенінің бүгінгі жай-күйі көңіл құлазытады. Жасыратын несі бар, су тапшылығы аймақтағы ауыл шаруашылығына да кері әсерін тигізуде. Сондай-ақ жауын-шашынның да аз түсуі Сыр өңіріне оңайға соқпай тұр. Әсіресе жаз басталса, аяқ суға жарымайды.

Осы тұста Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев облыс орталығын аяқ сумен қамту үшін жерасты суын пайдалану керегін айтты. Нәтижесінде ұңғыма қазу жоспарлануда. Өткен жылы қолға алынған бұл бастама сәтті жүзеге асты. Осылайша бүгінде сол жағалау аумағынан 2 жер асты су ұңғымасы қазылды. Алдағы уақытта бұл ұңғымалар арқылы көпқабатты үй аулаларындағы жасыл-желекке аяқ су келмек. Қазіргі кезде мердігер мекеме міндеттелген жұмысын аяқтау сатысында.

Жан-жақты зерттеу нәтижесі бойынша қалаға дәл осындай 26 ұңғыма керек. Осыған орай қала басшысы шұғыл шешім қабылдады. Қала әкімі жауапты бөлімге қосымша ұңғымаларды қазу үшін, тиісті құжаттарды әзірлеу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Алдағы уақытта жаңа ұңғымалар аяқ суды аса қажет ететін аумақтарға орнатылмақ. Осы тұста қаланы аяқ сумен қамту күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін айта кеткен жөн.

А.МЫРЗАҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: