Сәрсенбі, 24 сәуiр, 14:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жылу маусымы басталғалы 52 өрт оқиғасы болған

30.01.2022

1180 0

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы басталғалы осы кезеңге дейін тұрғын үй секторында 52 өрт оқиғасы орын алған.

Бұл туралы Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов мәлімдеді.

«Орын алған жағдайларды талдайтын болсақ, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауы, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр сымдардың дұрыс жалғанбауы мен ескіруінен, балаларды қараусыз қалдыруынан және ішімдік ішіп масаң күйде болуынан өрт оқиғалары орын алған.
Сонымен қатар, газға қосылмаған тұрғын үйлер талаптарға сәйкес жылу беру маусымында пештің түтін шығу жолдары жылына екі-үш рет тазалануы қажет. От жағу барысында тазаланбаған пеш өз деңгейінде дұрыс жанбауы салдарынан бықсып тұрады. Осылайша түтін моржа жолына жиналып өзінің бір деңгейіне жеткенде түтін үй ішіне тарайды. Алайда, тұрғындар жылу беру маусымында түтін жолдарын мүлдем тазаламай салғырттық танытуда, – деді басқарма бастығы.

Өткен жылу беру маусымында әлеуметтік тәуекел топтарына кіретін отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктердің 330 данасы орнатылса, биыл аталған құрылғы 350 отбасыға орнатылған.

Газдан келетін оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстары, сондай-ақ мейрамханалар мен тамақтану орындарында рейдтік шаралар тұрақты ұйымдастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: