Бейсенбі, 28 қараша, 08:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

91-тобы кімге керек?

17.06.2021

2613 0

Бәрімізге белгілі Кореяның Q-pop стилін үлгі тұтып, Q-pop, қазақ-поп жанрының іргесін қалаған топтардың бірі  “Ninety One” тобы.  Жастардың жүрегінен орын алған 91-тобы бүгінде өз шығармашлықтарын тоқтатқан емес.  Өзіндік стильдері және әндерімен ерекшеленген бұл топқа биыл 6- жыл толып отыр. Осыдан алты жыл бұрын қазақ музыкасына ерекшелік енгізу мақсатында қазақстандық бойс-бэнд құрған Ерболат Беделхан қазіргі таңда осы топтың продюсері. Негізінде, “Ninety One” тобы 5 мүшеден тұрады. Азамат Зенкаев, Батырхан Мәлік, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Құлымша. Қазіргі таңда жеке әнші ретінде топ құрамынан Азамат Зенкаев шыққандығы жөнінде хабарлады. Саясатқа да үлес қосып жүрген топ мүшесі Дулат Мұхаметқалиев жөнінде айта кеткенімізде артық етпес. Жас Отан Жастар Қанатында мүше болып сайланғанын естеріңізге саламыз.  Топ құралғаннан бері қазақ музыка эстрадасына біршама жаңа стилдегі өлеңдер енгізіліп оған бейнебаяндар түсірілген болатын, мысалы: “Айыптама”, “Қайтадан”, “Табу”, “Ұмытпа” және т.б. заманауи стильде әндер шырқалып жүр. Осы кезге дейін шырқап жүрген әндерінің арқасында “Ninety One” тобы бірталай атаққа ие болды. Тек Қазақстанды ғана емес Шет елдерді де мойындатқан топтардың бірі. Алайда, “Ninety One” тобының біздің дәстүрімізге еңгізген ерекшеліктерінен халық толықтай дұрыс қабылдай алмады. Көптеген ер азаматтарымыз наразылық білдіріп концерт қоюға қарсы шықты. Бірақ бұл әрекеттер топ мүшелеріне ешқандай қиындық туғызған жоқ. Керісінше шығармашылықтарын одан әрі дамытып, биіктерге шыға бастады. Жігіттердің музыка саласынан бөлек, кино әлемінде төбе көрсетіп жүр. Топтың сахнаға келген сәтінен бастап жеткен жетістіктері мен мақсаты жөнінде “Ninety One” атты фильм түсіріліп 2017 жылы жарыққа шыққан болатын. Сол жылдың қазан айында алғаш рет жас музыкалық сериал және елдің негізгі музыка тарихын көрсету мақсатында “Қағаз кеме” сериялы көрерменге жол тартқан еді. K-pop стилін алғаш елімізге танылтқан “Ninety One” тобы болса. Қазіргі таңда бұл стильде ән шырқап жүрген топтар өте көп. Мысалыға алатын болсақ “Mad Men”, “Black Dial”, “Renzo” секілді жас таланттарымыз сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп жүр. 

        Жоғарыда аталған өнер жұлдызы атағын жамылғандар  қазіргі жастардың ойын өзгертуге бірден-бір себепкер болып жүрген топтар. Себебі қазіргі таңда жас ер азаматтарымыз шаш бояу, құлаққа сырға тағу секілді өзгешеліктерді өз бойларынан көрсетіп жүр. Әрине бұл жақсы тәрбие, өнеге деп айта алмаймыз. Мүмкін заман талабына сай ән шырқап жүрген шығар. Бірақ жастар тәрбие алатындай   өнеге көрсетіп жүр деу сәл қиынға соғады. Кореядан енгізілген жаңа стилдегі топтың қазақ музыка дәстүрін бұлғағанын қаламаймыз. Қылығы қызға тартқан еркек емес, ез болып бара жатқан еркектерді қаламаймыз. Өздерінің ұлттық дәстүрі мен дінін сақтаған елдер ғана бой көрсетіп,биікке шығады. Сондықтан мұндай азғындық жастарымыздың сана-сезімін уламасын десек, ұлттық дәстүріміз бен дінімізге берік болайық.

Аружан НОҒАЙ
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: