Сейсенбі, 12 мамыр, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Маркетплейстер қазақстандық тауарларды кеңінен көрсетуге міндеттелуі мүмкін

12.05.2026

46 0

Фото: Қаржы министрлігі

Қазақстанда маркетплейстерге «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды іздеу нәтижелерінде бірінші көрсету міндеттелуі мүмкін, – деп хабарлайды KAZINFORM

Сауда және интеграция министрлігі онлайн-платформалар мен сауда желілерінде отандық өнімдерді ілгерілету талаптарын күшейтіп жатыр.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айжан Бижанова «Сауда желілерінде “Қазақстанда жасалған” ұлттық брендін ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа талаптар бойынша маркетплейстер қазақстандық өнімдер үшін арнайы бөлімдер құрып, оларды іздеу нәтижелерін де жоғары көрсетуге міндеттеледі.

Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер пакеті мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Ведомство мәліметінше, қолданыстағы заңнама бойынша сауда нысандарындағы қазақстандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс.

Бұдан бөлек, «Даму» қорының бағдарламалары арқылы сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімдерге бөлінуі мүмкін.

– Тұтынушының отандық өнімді көруі де маңызды. Сондықтан заңнама тек сандық көрсеткіштерге ғана емес, тауарды орналастыру сапасына да талап қояды. Отандық өнім сатып алушының көз деңгейінде, қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Бұл – «алтын сөре», – деді Айжан Бижанова.

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық жүргізген зерттеу де мұндай тәсілдердің тиімді екенін көрсеткен.

Magnum сауда желісімен бірлескен эксперимент барысында қазақстандық ірімшіктерді жарнамалауға арналған баннерлер, стикерлер, сөре ленталары және аудиохабарламалар қолданылған.

Төрт аптаға созылған пилоттық жоба нәтижесінде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан.

– Бұл халықаралық тәжірибедегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Эксперимент нәтижесі қазақстандықтардың «экономикалық патриотизмге» дайын екенін көрсетті, – деді Салтанат Джаненова.

Ұлттық аналитикалық орталықтың Мемлекеттік басқару және мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директорының айтуынша, тұтынушыға таңдау жасауға көмектесу үшін отандық өнімді көзге көрінетін ету қажет.

Министрлік заңнама талаптарының сақталуына бақылауды да күшейтпек.

Ведомство мәліметінше, отандық тауарлардың сауда желілеріне қолжетімділігін шектеу, жеткізушілермен жұмыс талаптарын бұзу және нұсқамаларды орындамау фактілері үшін айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар министрлік «өнімсіз делдал» ұғымын енгізу, сауда кедергілеріне бақылауды күшейту және бос сауда орындары болған жағдайда отандық өндірушілерге басымдық беру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді әзірлеп жатыр.

Айта кетейік, маркетплейстер арқылы алынған тауарларға қатысты жаңа кедендік талаптар енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: