Сәрсенбі, 13 мамыр, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Екпе салдырып, аурудың алдын ал!

13.05.2026

22 0

Қазіргі таңда кейбір ата-ана­лар діни көзқарасына байланыс­ты балаларына профилактикалық екпе салдырудан бас тартып жатады. Олар вакцина құрамына күмән келтіріп немесе оны дінге қайшы деп ойлауы мүмкін. Алайда бала денсаулығын қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді жолы – екпе салдыру.  Ол бала ағзасында белгілі бір ауруларға қарсы иммунитет қалыптастырып, түрлі қауіпті инфекциялардан қорғайды. Уа­қытылы салынған вакцина бала­лардың денсаулығын нығайтып, олардың қауіпсіз әрі сау болып өсуіне мүмкіндік береді. Ислам дінінде адам өмірін сақтау – ең маңызды құндылықтардың бірі. Денсаулыққа зиян келтірмеу, аурудың алдын алу және балаға қамқорлық жасау – әр ата-ананың міндеті болып саналады.

Кейбір ата-аналар әлеуметтік желідегі дәлелсіз ақпараттарға сеніп, профилактикалық екпе­ден бас тартып жатады. Алайда медицина саласында әр вакцина арнайы тексеруден өтіп, қауіп­сіздігі дәлелденеді. Дәрігерлер екпенің пайдасы оның ықтимал жанама әсерлерінен әлдеқайда жоғары екенін үнемі айтып келеді. Діни тұрғыдан қараған­да да, бала денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайды. Егер екпеден бас тарту салдарынан бала ауыр дертке шалдықса, бұл тек бір отбасыға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді. Себебі жұқпалы аурулар басқа балаларға да таралуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар дәрігер кеңесіне сүйенгені жөн. Бала денсаулығын қорғау, оның болашағына жауапкершілікпен қарау – әр ата-ананың басты парызы.

Айнұр ШАМШИЕВА,

№3 қалалық емханасының бөлім меңгерушісі,

жалпы тәжірибелі дәрігер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: