Жексенбі, 14 маусым, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Адами капитал – жаңа конституцияның негізгі басымдығы

13.05.2026

302 0

Фото: Эльмира Тойлыбекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтану БББ-ның қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, философия докторы (PhD)

«Жаңа Конституцияда адам капиталы ел дамуының басты басымдығы ретінде айқындалды. Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидат деңгейіне көтерілді.

Конституциялық реформа Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бас­тамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан еді.

2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік ре­форманы іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғам­дық ұйымдардың өкілдері кірді. Талқылауларға бар­лық белсенді азаматтар қосылып, өз пікірлері мен ұсы­ныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдай бастады. Жаңа реформаны кеңінен әрі қарқын­ды талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде жұмыс тобы азаматтардан түскен төрт мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, жүйелеп шықты.

2026 жылғы қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұ­жырым­дамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарлан­ғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құн­дылықтар мен қағидаттарды көр­сетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арт­тыруға бағытталған. Жаңа Конституция­ның негізгі басымдығы – адамға бағдарланған мемлекет тұжырымдамасы.

Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет Конституцияның Преамбуласында мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария­ланып отыр. Бұл дек­ла­ра­тивті формула емес, бүкіл Конституцияның мазмұнын айқындай­тын бағдар. Бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және дінаралық келі­сім мемлекеттіліктің іргетасы ретінде бекітіледі. Егемендік, тәуелсіз­дік, унитарлық сипат пен аумақтық тұтас­тық өзгермейтін құндылықтар қатарына жат­қызылған.

Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостан­дықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мем­лекеттілігінің негізі ретінде белгіленді. Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылық санатына жатады.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, таби­ғатқа ұқыпты қарау сияқ­ты қағидаттар алғаш рет Консти­туция деңгейінде бекітілген.

Сонымен қатар мемлекеттік би­ліктің бірден-бір бастауы және еге­мендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны бек­ітілген. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация атап көрсетілді. Бұл мемлекеттің бола­шағы ми­нералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами ка­питалмен және азаматтардың же­тіс­тіктерімен анықталатынын көр­сететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.

Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған бай­ла­нысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азамат­тардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді.

Конституцияның жаңа мәті­нінің басты ерекшелігі – адам құқықтары­на бағдарлануы. Осы­лайша, адам құқық­тары мен бостандықтары жаңа Преам­бу­лада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше ба­сым­дығы әрі мағыналық өзегі ретін­де айқындалған.

Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады. Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі.

Конституцияның негізгі но­велла­ларының ішінде мына­ларды атап өтуге болады: 145 депутаттан тұра­тын және жаңа, кеңейтілген өкілет­тік­терге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал де­путаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл­ды құрайды.

Пропорционалды жүйе пар­тия­лардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институцио­налдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдын­дағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құ­рылтай­дың стратегиялық функ­цияларын жалғастырады.

Вице-президент институтын құру.  Ол ҚР Президентінің аты­нан Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдары­мен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.

Адвокаттық қызметке және адво­катураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Зияткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етіледі. Азаматтарға жаңа мін­деттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заң­дарға, сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға жол бермеуге тыйым салуды және кінәсіздік презумпциясы қағидат­тарына, қоса алғанда, азаматтардың құқықтарына ке­пілдік күшейтіледі. Елі­міздің жаңа Ата Заңының мәтіні қа­лыптасқан мемлекеттік құры­лымды, халықаралық беделді, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамы­тудағы Қазақстанның айқын басымдығын атап көрсетеді.

Эльмира Тойлыбекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтану

БББ-ның қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, философия докторы (PhD)

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: