Диқандар жеңілдетілген қаржы алуда басы артық әкімшілік кедергілерге тап болуға тиіс емес. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрі Олжас Бектенов айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен және «Бәйтерек» холдингімен бірге дихандарды барынша қамти отырып, өтінімдерді қарау және жеңілдетілген қаржы бөлу рәсімдерін оңтайландырсын. Олар басы артық әкімшілік кедергілерге тап болуға тиіс емес. Барлық өтінімді тез әрі ашық түрде қарау қажет. Сонымен қатар егіншілердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін өзге аймақтарға да таратып, револьверлік қаржыландыру тетігін қарастыруы қажет, – деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр шегірткенің таралу қаупін ескерті. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдауды тапсырды.
– Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет, – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Премьер-министр шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы бастауды тапсырған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
