Қызылорда қаласында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ауқымды үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылды.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма білім беру мекемелерінде «Әскерге бару – азаматтық парыз» тақырыбында кездесулер өткізді. Басқарма бастығы, полковник Ерлан Манаповтың бастамасымен өткен шараларға әскери қызметшілер, мектептер мен колледждердің жоғары курс студенттері және бітіруші сынып оқушылары қатысты.

Кездесулер барысында болашақ сарбаздарға Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің маңызы, әскери оқу орындарына түсу тәртібі және мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жан-жақты түсіндірілді. Мамандар жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, қазіргі қазақстандық армияның тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Жиын соңында жастарға әскери мамандықтар туралы ақпараттық парақшалар таратылып, тиісті бағыт-бағдар берілді.
Ақгүл Бердібаева,
Әскери қызметті насихаттау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі инспектор
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
