Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тұтынушылардың өтініші бойынша 1,2 млн теңге қайтарылды

01.08.2022

820 0

Биыл облыста тұтынушылар құқығының бұзылу дерегі бойынша 159 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға өскен. Түскен арыздардың басым көпшілігі – бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді. 

– Бірінші жартыжылдықта келіп түскен арыздарға талдау жүргізілген болатын. Нәтижесінде бөлшек сауда саласына қатысты – 91 өтініш, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері бойынша – 28, электрондық сауда – 13, қоғамдық тамақтану бойынша – 5, қаржы қызметі бойынша – 3  және де басқа салалар. Аталған өтініштердің 108-і заңға сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Ал 28 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Жалпы жыл басынан бері тұтынушыларға барлығы – 1,2 млн теңгенің қаржысы қайтарылды. Сондай –ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған кейбір заңнамалық актілер мен заңдарға өзгерістер мен  толықтырулар енгізіледі. Әзірге бұл заң жобасы уәкілетті органмен қаралып, мүдделі мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар арқылы талдануда, – деді департамент басшысы Ерқасым Сүлейменов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: