Сейсенбі, 12 мамыр, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Биылдан бастап тұқым құнын субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді

12.05.2026

77 0

Коллаж: Kazinform

Отандық тұқымды сатып алған кезде субсидия көлемі 10%-ға жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізу үшін жалпы 402 мың тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Бүгінгі таңда оның 204,8 мың тоннасы жөнелтілді. Тұқым материалының сапасына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылып отыр. Тұқымға жалпы қажеттілік 2,3 млн тонна. Тексеру қорытындысы бойынша олардың барлығы егіс стандартының 1 және 2 сыныптарына сәйкес келеді. Тұқым сапасын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап тұқым құнын субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді, – деді А.Сұлтанов.

Атап айтқанда, отандық тұқымды сатып алған кезде субсидия көлемі 10%-ға жоғары болады. Бюджет шығысын азайту және мемлекеттік қолдау шараларын қысқарту мақсатында биылдан бастап тұқым сапасын мемлекеттік қаражат есебінен тексеру тоқтатылды.

– Шаруалар тұқым сапасын өз қаражаты есебінен тексеруі тиіс және бұл мәселе мемлекеттік қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтамауы қажет. Тұқым шаруашылығы саласындағы бақылауды күшейту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті құрылымында тұқым шаруашылығы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі жаңа басқарма құрылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың астық және асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторларының қызметіне де бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Бұл өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттарында бақылауды күшейтіп, саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары көрші елдермен бірлесе жүзеге асатынын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: