Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік рәміздер − ел мақтанышы

18.10.2022

1525 0

Туған елдің айнымас нышаны болған мемлекеттік рәміздер − ел мақтанышы. Ал азаттығымыз, теңдігіміз − үлкен мәртебе. Тыныш атқан таңымыз, ашық аспанымыз, желбіреген көк туымыз, жалынды шырқалатын әнұранымыз, қазақ халқының қасиетін бойына сыйдыра білген елтаңбамыздың өміршеңдігі – қазақ халқының мақтанышы!

Адам жүрексіз өмір сүре ал­майтыны белгілі болса, Отансыз да өмір сүру мүмкін емес. Ақ сүт беріп аялап өсірген ананы қалай сүйсек, елімізді де солай сүйеміз. Ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білуді қасиетті борышымыз деп білемін.

Мектебімізде түрлі іс-шарада, жиындарда әнұранымызды шыр­қап, көк туымыз жоғары көте­рілгенде бойымды мақтаныш сезімі билейді. Шынымды айтсам, бейбітшілікке, тыныш заманға басымды иемін. Менің ғана емес, көздерінде ұшқын атып, ұлттық намысын жанып, жігерлене шыр­қап тұрған жолдастарымның да үлкен сезімге беріліп тұрғанын аңғарамын. Әнұранның әрбір сөзі жүрегіме қона қалғандай әсер­ленем. Алтын күн, ашық аспан, кең байтақ жерім, бірлігі жарасқан елім, бәрі-бәрі Тәуелсіз таңымызда жарқырап тұр. Ел бірлігінің арқасында көк байрағым желбіреп, егемендігімізді айғақ­тап тұр. Қазағымның санасында, қазағымның жүрегінде, қазағым­ның қанында Отанға деген сүйіс­пеншілік, рәміздерімізге деген құр­мет мәңгілік болуы керек!

Әсем ПЕРУЗХАН,

№7 мектеп-лицей оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: