Жұма, 27 желтоқсан, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрт қыркүйекте сөнуі мүмкін

23.07.2023

446 0

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт қыркүйекте сөнуі мүмкін. «Бозашы мұнай» компаниясы 9 маусымнан бері жанып жатқан отқа қатысты осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания газ фонтанын жоюға 300 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Төтенше жағдайға байланысты шығын көбеюі мүмкін. Мамандар мердігер мекеме қажетті құжаттардың жоқтығынан өрт ошағындағы көлбеу ұңғымаларды бұрғылай алмай отырғанын айтады.

«Техникалық тұрғыдан бәрі дайын. Кеше өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары, экология департаменті мамандарының қатысуымен іске қосу комиссиясы болды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары бізден көбірек бұрғылау ерітіндісін дайындауды сұрады. Бұл бұрғылау үшін қажет және қосымша құжаттар пакетін де ұсынды. Кейбір қағаздар дайын болмады. Бұрғылау компаниясының мамандары, біздің мердігерлер құжаттарды толығымен дайындап тапсыруы керек», – деді «Бозашы мұнай» ЖШС бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Данияр Дүйсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, өрт «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 9 маусым сағат 3.25-те ұңғыманы бұрғылау жұмыстары кезінде, №303 ұңғымадағы бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылауы себебінен шыққан. Бір адам зардап шекті.

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бөлімшесі жасақтаған линия бойынша 13 маусымда 302 текше метр ерітінді төгілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: