«ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына орай «Таза өлке» апталығы аясында сенбілік өткізді.
Қала орталығындағы «Келменбет батыр» ескерткішінің ауласында өткен тазалық акциясына партия белсенділері мен “ORDA” жоғары колледжі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Ашық университетінің студенттері, жастар қанатының мүшелері яғни, 30-ға жуық адам қатысты.
Акцияның мақсаты – қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру.
Сенбілікте партия мүшелері «Келменбет батыр» ескерткішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтағы ағаштарды әктеп, шөптерін жұлды. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.
Сондай-ақ сенбілікке қатысқан жастарға «Арман» инклюзивті театрының «Қолымнан ұста» спектакліне билеттер берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!