Жұма, 24 сәуiр, 13:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі цифрлық форматқа көшеді

24.04.2026

48 0

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру мақсатында Бірыңғай шақырту тізілімін енгізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды KAZINFORM

ҚР Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте осы мәселе талқыланды. Жиынға бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

– Бірыңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін жаңа деңгейге көтереді. Бұл азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық тетік болады, – деді Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов.

Министрлік мәліметінше, жаңа жүйе әскерге шақыру науқанының ашықтығын арттыруға және азаматтардың әскери міндетін орындауын тиімді бақылауға бағытталған. Сонымен қатар әскерге шақырудан жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Кеңес барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, деректер алмасуды жеделдету және цифрлық трансформацияны күшейту мәселелері де көтерілді.

– Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы мен цифрлық шешімдерді енгізу жүйенің тиімділігін арттырудың негізгі шарты. Біз оның ашықтығын, сенімділігін қамтамасыз етуіміз қажет, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ жиында мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту және қаржылай қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Айта кетейік, Бірыңғай шақырту тізілімін енгізу елдің жұмылдыру әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру, медкомиссия және кейінге қалдыру тәртібін түсіндірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: