Жұма, 24 сәуiр, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда соңғы 5 жылда 1840-тан астам ауыл шаруашылығы техникасы өндірілді

24.04.2026

39 0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстанда CLAAS компаниясының қатысуымен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі соңғы бес жылда 1840-тан асты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жоба аясында өндірілген техниканың жалпы құны 242 млрд теңгеге жетіп, бұл индустриялық кооперация мен өндірісті жергіліктендірудің тиімді үлгісіне айналды.

Министр Айдарбек Сапаров Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарма төрайымы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесу барысында аграрлық саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

– Қазақстан мен Германия арасындағы аграрлық ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 23%-ға, экспорт 38%-ға артты. Біз өзара сауданы ұлғайтуға және өнім түрлерін кеңейтуге дайынбыз, – деді Айдарбек Сапаров.

Келіссөздер барысында Қазақстанда CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын жергіліктендіру жобасының нәтижелері ерекше атап өтілді. Жоба 2021 жылдан бері CLAAS, CT AGRO және HORSCH компанияларының қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Өндіріс Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында орналасқан.

– Кәсіпорын жылына 370 өздігінен жүретін және 370 тіркемелі техника шығаруға қауқарлы. Жоба іске қосылғалы бері 714 комбайн, 363 трактор, 270 егіс кешені және 500-ге жуық жатка өндірілді. Бұл ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілерін ел ішінде шығаруға мүмкіндік беріп отыр, – делінген хабарламада.

Өз кезегінде Катрина Клаас-Мюльхойзер Германия компанияларының Қазақстандағы жобаларға қызығушылығы жоғары екенін айтып, әріптестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар өндірісті жергіліктендіруді тереңдету, технологиялар трансферті және агроөнеркәсіптік саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 53% өскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: