Сенбі, 27 сәуiр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада індетпен күресуге 30 ұйым тартылды

21.10.2020

1128 0

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан коронавирустық инфекциясымен күреске 6 466 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Пандемия кезінде медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, полимеразалық тізбекті реакцияны (ПТР) анықтауға және мобильді бригадаға, үйдегі стационарға жұмсалды.

«Қор филиалы медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ұйымдардың тарифтерін 2 есеге көтерді. Нәтижесінде коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды тартуға мүмкіндік туды. Біз медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді толық жеткізу үшін «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілерге және өндіруші зауыттарға аванстық төлем төледі, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына халықты дәрі-дәрмекпен қамту үшін қаржы жеткілікті. Қазір дәрінің екі айлық қор бар. Аймақта індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды. Оның жартысы қалалық, қалғаны аудандық аурухана.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: