Қызылорда облысында «Берекелі рамазан керуені» акциясы жалғасын тауып, көше тазалығы қызметкерлеріне, көп балалы және жалғызбасты аналарға, т.с.с. жағдайы төмен отбасыларға «ауызашар қоржындары» үлестірілді.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен рамазан айынының құрметіне орай ел ішінде мүбарак айдың қадір-қасиеті мен шарапатын насихаттау мақсатында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі аймақтағы кезекті 770 жанұяға «ауызашар қоржындарын» таратса, жалпы мүбәрак айдың үш аптасының есебіне сәйкес, «Берекелі рамазан керуені» жобасы аясында облыс бойынша 2070 отбасыға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік себеттері жеткізілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!