Қызылорда қаласындағы Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 мектеп-лицейі және Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлылар үндестігі» атты бірлескен семинар кездесу өтті.
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай өткен шараға мектеп ұстаздары, оқушылар және облыстық ҚХА жанындағы «Абай қазынасына саяхат», «Мәміле» клубтарының жетекшісі Елена Пак пен «Ассамблея жастар» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева қатысты.
Қазақ халқының ғұлама ақындары Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық мұралары ұрпақтан-ұрпаққа берілетін бүкіл ұлттың рухани байлығы. Олардың еңбектері қазақ халқының рухани тәжірибесі мен даналығын бейнелейтін ұлттық мәдениеттің бірегей бөлігі. Сондықтан олардың өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеу – басты міндетіміз.
Тағылымы мол шарада Абай мен Шәкәрім жайлы мәліметтер тыңдалып, видео материалдар қаралды. Ұлы тұлғалардың қанатты сөздері мен өлеңдері оқылып, оның мағынасын ашу және ақын мұраларының үндестігі айтылды. Әсіресе, жастардың көкірегін ілім-білімге толтыру бағытындағы қос ақынның еңбектері сөз болды. Бұл шараға жастар белсенді қатысты. Оларды ақын-жазушылардың өмірі мен туындылары қызығушылық танытанын аңғаруға болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!