Дүйсенбі, 06 мамыр, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылу орталығының жоба-сметалық құжаты әзірленуде

23.02.2023

462 0

Қызылордада қуаттылығы 240 мегаваттық электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын беретін заманауи жылу электр орталығы салынады. Қазіргі таңда жаңа нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қондырғы өндіруші мекемелермен келісім жүргізілуде. Аймақ үшін маңызды саналатын нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов хабарлады.

-Былтыр ҚР Энергетика министрлігімен өткізілген аукцион нәтижесінде «Акса Энерджи» түрік компаниясымен жаңа заманауи жылу электр орталығын салуға келісім жасалды. Қазір аталған нысанға жылу электр орталығының аймағынан 3,5 гектар жер берілді. Тың жоба еліміздің Энергетика министрлігінің әрдайым бақылауында болады. Жалпы бұл инвестор қаржысына салынатын республикамыздағы алғашқы жылу электр орталығы болмақ. Үш жыл көлемінде жаңа нысанның құрылысы салынып, 2025 жылы халық игілігіне табысталады. Ал жылу беру маусымына тоқталсам, бүгінде облысқа 238 мың тонна қатты отын жеткізілді. Қазіргі таңда көмір қоймаларында нақты 7,2 мың тонна көмір қоры бар. Тұрғындарға 16 700 теңгеден 20 мың теңге аралығында көмір сатылуда, – деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: