Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жетісу облысында тауда тұтанған өрт Қытай шекарасына жетті

09.09.2022

946 0

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті Алакөл ауданының таулы аймағындағы өрт жайлы жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, өрт ауданы 500 гектарға жеткен. Оны сөндіруге 187 адам мен екі тікұшақ тартылды.

«Сағат 15:00-де Абай облысынан қосымша МИ-8 ұшағы шықты. Желдің жылдамдығы 28-30 м/с, бірақ желдің бағыты шығыстан батысқа қарай Үшарал-Достық тас жолына қарай өзгерді. Шекарадан қашықтығы 10 шақырым. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда. Барлығы екі МИ-8 тікұшағы, 17 техника және 183 жеке құрам жұмылдырылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомстводағылар өрт көрші Қытай шекарасына жеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шекара қызметі көрші мемлекетке өрттің соларға қарай таралуы мүмкін екенін ескерткен.

«Қызыл жалын көрші мемлекеттің күшімен сөндірілді. Оқиға орнында штаб жұмыс істеп жатыр», – деп толықтырды департаменттен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: