Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Парламентке Елбасына қатысты жеке заңды алып тастау туралы норма ұсынылады

17.06.2022

940 0

Парламент қарауына Тұңғыш Президент туралы жеке заңды алып тастайтын норма ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алып тасталған соң, тиісінше бұл заң да алып тасталуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы шеңберінде болады. Ол биыл Парламент қарауына енгізіледі», – деді Мусин.

Әділет министрінің айтуынша, Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық үшін жауапкершілік көзделетін жалпы бап қана қалады.

«Бұл барлық президентке ортақ. Елбасы үшін бөлек бап болмайды», – деп атап өтті Қанат Мусин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: