2021 жылдың 14 қыркүйек күні сағат 14:20 шамасында ҚР ІІМ-нің Ұлттық ұлан әскери тік ұшағымен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және 5547 әскери бөлім сарбаздарының бірлесіп қатысуымен Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен солтүстікке қарай шамамен 170 шақырым қашықтықтағы құмды төбе арасында ірі есірткі алқабы анықталды.
Үш азамат, яғни Қызылорда облысының 2 тұрғыны және Жезқазған қаласының 1 тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін адамдар тобы болып,ірі мөлшерде егіп, күтіп баптап өсірген.
Оқиға орнына жедел тергеу тобымен қарап-тексеру жүргізу барысында жалпы саны 589 түп сора өсімдіктері анықталып, олардан үлгі ретінде 15 дана сора өсімдіктері алынды. Ал қалған 574 түп оқиға орнында өртеу жолымен жойылды.
15 дана сора өсімдігі сараптама қорытындысымен жалпы салмағы 7945,63 гр есірткі құралына жататындығы бекітілді.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!