Жексенбі, 06 қазан, 02:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Аш кезде маңызды шешім қабылдауға болмайды

28.10.2020

987 0

Адамның аш кезінде қабылдаған шешімі көбіне дұрыс бола бермейді екен. Аустралиялық ғалымдар арнайы зерттеу жұмыстарынан кейін осындай қорытындыға келіп отыр.

Асқазан шұрылдап, қарын ашқан кезде адам кез келген шешімді дұрыс деп ойлап, кез келген ұсынысты қабыл алуы мүмкін. Ғалымдардың зерттеуі Psychonomic Bulletin & Review журналында жарияланды. Зерттеуге қатысқан адамдар аш кезде бір, тоқ кезде бір сұраққа жауап берген. Қандай да бір сыйақы беретіндерін айтып, шешім қабылдауларын сұраған. Тоқ адамдар үстемесі қосылатын болса, бір айдан асық уақыт күтуге келісімін берген. Ал аштық қысқан жандар үш күннен артық күте алмайтындықтарын жеткізген. Адамдар аш кезінде болар-болмасқа да ашуланып, тиімсіз болса да, жылдам шешім қабылдай салуға асығады екен. Бұл – мамандардың қорытындысы. Олай болса, жетістікке жетер жолдағы шешімді аш кезіңізде қабылдамаңыз.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: