Жұма, 19 сәуiр, 02:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қалалық партия активі отырысы өтті

05.03.2022

908 0

Қала әкімі, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен партия активі отырысы өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінің шешімдерін орындауға, қалалық партия филиалының жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Ш.Әбдірахманов хабарлама жасады.

Жиында қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев депутаттардың партиялық қызметтегі жауапкершілігі мен оны арттыру жолдары туралы мәселені қозғады. Сондай-ақ, «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Т.Тілесов жаңғырудағы жастар мен жас депутаттар корпусының алдындағы міндет туралы сөз қозғады.

Актив отырысының соңында филиал төрағасы Ғанибек Қазантаев съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 басым міндетіне тоқталып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруда қолдау көрсетуге шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: