Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Серік Қожаниязов облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

26.06.2022

608 0

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Серік Қожаниязов тағайындалды.

Аймақ басшысы Серік Салауатұлын мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, білікті басшы ретінде жауапты қызметтерді абыроймен атқарғанын тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Серік Салауатұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, орталық және жергілікті атқарушы органдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған азамат.
Оның алдында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру, вегетация кезеңінде Сырдария өзенінде су тапшылығының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру міндеті тұр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу жобасының екінші кезеңін бастау, Көкарал бөгетін сақтап қалу, облыс аумағында жаңадан су қоймаларын салу жобаларын іске асыру жұмыстарын үйлестіретін болады,-деді аймақ басшысы.

Серік Қожаниязов облыстық ауылшаруашылық және жер, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Активте облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов жауапты да күрделі қызметті тәжірибесі мол, жоғары лауазымдарда шыңдалған азамат ғана атқара алатынын айтып, лайықты тағайындау жасалғанын жеткізді.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбасс политехникалық институтын инженер-механик және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог ретінде бастаған.
2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық даму бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.
2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.
2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымдарын атқарды.
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызметін, 2021 жылдың қаңтар айынан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымын абыроймен атқарды.
Министрлікте қызметте жүріп, Арал-Сырдария бассейнінде су бөлу мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының жұмысына Қазақстан тарапынан жетекшілік жасап, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: