Сейсенбі, 21 мамыр, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Сессия: Үш жылдық бюджет қайта қаралды

08.12.2021

838 0

Жуырда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Ғ.Қазантаев пен орынбасарлары, мәслихат депутаттары, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда қалалық бюджет,  әлеуметтiк көмек көр­сетусынды басқа да мәселелер қаралды.

Қалалық мәслихат хат­шысы И.Құтты­қожаев­­тың төра­ғалығымен өткен жиында қала­лық экономика және бюджет­тік жос­парлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жа­сап, 2021-2023 жыл­дар­ға ар­налған қалалық бюджетке бай­ланысты мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс білдірді. Мұнан кейін қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы К.Құрақбаева хабар­лама жасады. Ол әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөл­шерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санат­тарының тiз­бесiн айқындау қағидаларын бекiтуге арналған  қалалық мәслихаттың  шешiмiне өзгерістер енгiзу жайын сөз етті.

Сессияда қаралған мәселелер қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бір­лескен оты­рысында алдын-ала талқы­лан­ғанын айта кеткен жөн.

Депутаттар Қызылжарма ауылдық округіне салынатын мектеп құрылысына бөлінген қаражаттың қайтарылуы, «Жел­­тоқсан» оқиғасының 35 жыл­дығы қар­саңында қалада қойы­латын ескерткіш, бос тұрған ғимараттар мен жер телімдерінің құжаттарын заңдастырып, мем­лекет мен­шігіне алу сынды мәселелерді көтерді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: