Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сіздің қалауыңыз осы ғой?»: Тоқаев өзіне сын айтқан Лукашенконы сөзбен «түйреп» өтті (ВИДЕО)

14.10.2022

780 0

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан мен Беларусь президенттері арасында қызықты диалог өрбіді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша талқылауды қажет етпейтіндіктен, құжаттарға қол қою рәсімін бастауды ұсынған. Алайда Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан президенті ТМД Атқарушы хатшысы лауазымы ТМД Бас хатшысы болып өзгеретінін неге жарияламағанын сұрайды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, неге жария етпедіңіз? Біз Бас хатшыны сайладық, ал сіз жарияламадыңыз», – деген Лукашенко.

«Александр Григорьевич, төрағаға сын айту енді сіздің сүйікті ісіңізге айналған ба?», – деп күліп жауап берді Тоқаев.

Қазақстан Президенті ТМД елдерінің басшылары ішінара құрамда ТМД Атқарушы хатшысы лауазымын ТМД Бас хатшысы қызметіне қайта атау мәселесін талқылағанын жеткізді.

«Негізінде, бұл атқарушы органның мәртебесін көтеруде маңызды, және менің ойымша, біз Сергей Николаевич Лебедев (Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы) туралы айтып отырмыз. Бас хатшы лауазымының өзі белгілі бір дәрежеде, мүмкін, үлкен дәрежеде ортақ ұйымымыздың мәртебесін көтеретінін айтпағанда ол ТМД-ның Бас хатшысы лауазымына ие болуға немесе атқаруға әбден лайық. Сіздің қалауыңыз осы ғой, ия?», – деді Тоқаев Лукашенкоға қайырылып.

Беларусь президенті өз кезегінде әзірге бас хатшыға мәртебе берілмегенін, тек атқарушы билік сайланғанын қосты.

«Мәселе талқылау мен еске салуды қажет етпейді. Бұл айтпаса да түсінікті. Бір сөзбен Сергей Николаевич (Лебедев) – өмірбойғы жетекші», – деп түйіндеді Қазақстан президенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: