Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді

04.08.2021

1172 0

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, Торрес техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.  

Бұған дейін Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Верясовтен басым болған еді. Ал 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті сенімді жеңген болатын. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: