Жұма, 19 сәуiр, 03:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Айнұр Тұрсынбаева келініне арнап жазған әнін Жазира Байырбековаға сыйлады

13.09.2022

955 0

Қыз ұзатудан алдына жан салмайтын Жазира Байырбекованың репертуары тағы бір әнмен толықты. Бұл жолы әнші енелердің келініне арнауын орындамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байырбековаға мұндай әнді айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева тарту етті. Күні кеше ұлын үйлендіріп, Ыстамбұлдың төрінде аста-төк той жасаған Тұрсынбаева аталған туындыны келініне арнап жаздырыпты.

«Айекем, келін құтты болсын! Жүзі жып-жылы, өзіңе ұқсайды екен. «Келініме арнап, ән шығардым, сол әнді саған сыйлаймын», – деп айтқан ниетіңе қатты риза болдым. Көп рахмет!

Айналаңа шуағыңды шашып жүресің, соған орай өзіңізге жақсы келін бұйырды деп ойлаймын. Мен бара алмасам да, саған шын жүрегіммен ана бақытын тілеймін»,  – деп бөлісті Байырбекова желідегі парақшасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: