Сейсенбі, 24 желтоқсан, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бәйшешектің көп кеселге пайдасы бар

23.05.2021

1841 0

Көктемде ең алғаш бой көтеретін гүл – бәйшешек. Сондықтан оны көктемнің жаршысы деп атаймыз. «Қызыл кітапқа» енген осы кішкентай ғана гүлдің күлтелері көптеген ауруға шипа екенін білесіз бе?

Өкпе туберкулезі, бронхит пен құрыспа ауруларында бәйшешектің тамырын сүтке пісіріп беруге болады деседі. Ал тамыр сабағы мен жапырағының қайнатпасы буын ауруларына ем. Сонымен қатар оның қақырық түсіретін, несеп айдайтын, аздап іш жүргізетін де қасиеті анықталып отыр және ол қан құрамын жақсартып, ішек секрециясы мен тамақ бездерінің қызметін қалыпты жүйеге түсіреді. 

Фитотерапевтер оны ақ қан ауруын емдеуге қол­дануға болады дейді. Ол үшін сәуір айының ортасына дейін бәйшешектің гүлі мен тамырын алып, кептіру керек. Сосын ұнтақтап, 100 грамын жарты килограм балға араластырады. Мұны ақ қан ауруына ұшыраған адамға күніне бір шай қасықтан 3 рет, сырқат жағдайы жақсарғанша ішкізеді. Ұнтақтың 1 ас қасығын жарты литр қызыл шарапқа салып, үстіне 100 грамм бал қосып, 4-5 күн тұрғызып, күніне 3-4 рет астан жарты сағат бұрын 1 шай қасықтан ішкізсе де оңды әсері болатын көрінеді. Емдеу мерзімі – 3 ай.

Көктем келгенін білдіріп, қыр мен қыратта гүлдеп жатқан осы кішкентай ғана нәзік гүлдің осындай керемет шипалы қасиеттері бар екен. Дегенмен бәйшешектің емдік қасиеті әлі толық зерттеліп бітпеген. Жас ғалым Дария Сатыбалдиева бірнеше жылдан бері бәйшешектерді сақтау және көбейту бағытында ізденіп келеді. Зерттеу барысында бәйшешектен алынған экс­тракттардың қатерлі ісік жасушасының өсуіне қарсы әсері бар екенін анықтапты. «Бәйшешектен алынған экстракттардың екі түрлі ісік клеткаларының өсуіне қарсы әсер ететінін анықтадым. Ол ісік клеткаларының өсуін тежейді. Себебі бәйшешектің құрамында өте жоғары мөлшерде ісікпен күресетін галл және хлороген қышқылдары бар. Басқа да биологиялық белсенді заттар жетерлік», – дейді жас ғалым. 

Ал, фитотерапевт ғалымдар гүлдің күлтелері ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, ондағы барлық кеселді кетіретінін айтады. Халық емшілері бұл күлтелерді спиртке тұндыру арқылы басқа да кеселдерге шипа болатын дәрі жасайды екен.

Бүйрекүсті безінің жұмысы бұзылғанда бәйшешектен тұнбаны үй жағдайында да әзірлеуге болады. Оның 80 дана кептірілген күлтесін жарты литр спиртке (араққа) салып, бетін жақсылап жауып, 40 тәулікке күн сәулесі жақсы түсетін жерге  қою керек. Белгілі уақыт өткенде оны сүзіп алып, салқын әрі құрғақ жерде сақтауға болады. Бұл тұнбаны таусылғанша күніне 3 рет астан 20 минут бұрын 20 тамшыдан ішіп жүрсе, оңды нәтижесі байқалады. Оны аз мөлшерде балмен араластырып қабылдауға да рұқсат.

Қышыма, қотыр, іріңді жара, басқа да тері ауруларында бәйшешектің тамырынан тұнба әзірлей аласыз. Ол үшін кептірілген 50 грамм тамырын 1 литр спиртке салып, 1 ай тұндыру керек. Аракідік шайқап  тұрған абзал. Оны терінің проблемалы жерлеріне толық жазылғанша күніне 1-2 рет жағу керек.

Міне, көктем лебін ала келетін кішкентай ғана бұл өсімдіктің осындай пайдасы мен шипасы бар. Дегенмен оның «Қызыл кітапқа» енгізілгенін тағы да естеріңізге саламыз. Қазақстан заңнамасында бәйшешекті жұлғандар үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Рұқсатсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: