Сәрсенбі, 22 мамыр, 00:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Биыл неліктен әскери шеру өткізілмейтіні белгілі болды

24.04.2023

577 0

Биыл Қазақстанда Жеңіс күні қарсаңында әскери шеру өткізілмейді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, министрлік әскери-патриоттық шараларды жоспарлаған. Алайда биыл әскери шеру өткізілмейді.

«2023 жылы Қазақстанда әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеуге, басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты жоспарланбайды. Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қолдау басым бағыт саналады», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатыр. Соның ішінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: