Жұма, 19 сәуiр, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бөдене жұмыртқасының пайдасы

08.05.2021

6360 0

Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқасы тауықтың жұмыртқасынан басып озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең. Десе де, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасынан гөрі әлде қайда жоғары. Қрамы осындай азық пен жүйелі қоректенген адамның әр түрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сонымен қатар, бөдене еті мен жұмыртқасы адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал, жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады.

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы. Жапония мен Қытай да бірнеше ғасырдан бері оның етімен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келеді. Тіпті, Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі екен. Бұл балаларды бөртпемен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырып, иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.

Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпемен туберкулезге, қанқысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тигенмен тұмауға, асқазан, ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасымен гастритке таптырмас ем.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: