Жұма, 11 қазан, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Дәрігер тісті құртатын он азық-түлікті атады

11.04.2021

1712 0

Тізімде қышқыл жеміс-жидек пен олардан жасалған шырындар да бар. Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады.
Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.
«Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады», – делінген хабарламада.
Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады.
Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.
Қышқыл жеміс-жидек пен олардың дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзады.
Тұздық пен тосап та – қауіпті өнімдердің қатарында. Бұған қоса, чука балдырынан әзірленген салат пен маринадталған өнімдер де тісті бұзып қана қоймай, қызыл иекке зиян келтіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: