Сейсенбі, 07 мамыр, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ғалымдар миды жас қалпында сақтауға көмектесетін екі диетаны атады

14.03.2023

284 0

Ғалымдар Жерорта теңізі диетасы және MIND диетасының Альцгеймер ауруының даму қаупін азайтып, мидың жастығын сақтайтынын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ ғалымдарының жұмыс нәтижесі Neurology журналында жарияланды.

Белгілі болғандай, Жерорта теңізі диетасы жемістер мен көкөністерден, сондай-ақ балық пен дәнді дақылдардан тұрады. Ал MIND диетасы гипертонияны тоқтатудың диеталық тәсілдері (DASH) мен Жеорта теңізі диетасының ұстанымдарына негізделген. Соңғысы майлы ет пен майлы сүт өнімдері сияқты қаныққан майы жоғары тағамдарды шектейді.

Жаңа зерттеуде авторлар 581 адамның мәйітін тексерген. Анықталғандай, Жерорта теңізі және MIND диеталарын ұстанатындарда Альцгеймер ауруының белгілері, атап айтқанда, мидағы бета-амилоидты түйіндер мен зиянды түйіршіктер азырақ болған.

«Жерорта теңізі диетасын ұстанатын адамдардың миы оны ұстанбайтындарға қарағанда шамамен 18 жасқа жас болып шықты. Егер MIND диетасы туралы айтатын болсақ, онда ми 12 жасқа жасарады», – дейді ғалымдар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: