Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Итмұрынның денсаулықа пайдасы

30.05.2021

1206 0

Итмұрын – бағалы дәрумендерге өте бай жеміс. Одандайындалған дәрі-дәрмек медицинада асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Ал гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады. С дәруменіне бай жемісті емдік дәрі ретінде әрі дәрумен түрінде көптеген жүзжылдықтардан бері кәдеге жаратып келеді. Оны тибеттік медицинада да қолданған. Шығыста итмұрынды аса жоғары бағалап, оның адам күш-қуатын жоғарылататын, көңіл-күйін көтеретін, әдемілік пен денсаулықты арттыратын қасиетке ие екенін айтады.
Итмұрыннның тек бір бөлігін пайдаланбай, тамырынан бастап жапырағын, гүлін, жемісін де емдік дәрі ретінде кәдеге жаратады. Өсімдіктен түрлі емдік шәрбаттар, тұнбалар, қайнатпалар мен сығындылар және шипалы өсімдік майын дайындайды. Сонымен қатар, халықтық медицинада бауыр мен өт қабы ауруларында, қуыққабынғанда, жүрек ауруларында, туберкулезге шалдыққанда арнайы қабылдайды. Итмұрын жемісінің 10-15 гркүніне 1 рет, ал тұнбасын күніне 2-3 рет жарты стақаннан ішіп отыру қажет.
Итмұрынның жаңа піскен жемістерінен тосап қайнатып, кофеге ұқсас азықтар дайындауға болады. Мұндай тосаптарды шыны ыдыстарға құйып, қараңғы әр ісалқын жерде сақтау керек. Итмұрын тұнбасын дайындау үшін оның кептірілген жемістерін пайдаланады. Дайындалған тұнбаны дер кезінде, яғни қайнатылғансоң бір денішу қажет. Оны ұзақ сақтаудың қажеті жоқ.
Итмұрын қайнатпасының пайдасы
Итмұрын қайнатпасын дайындау үшін 1 келікептірілген жемісін 1 литр суда қоюланғанша қайнатып, артынша сүзгіден өткізеді. Дәміне қарай қант пен лимон қышқылын қосуға болады. Дайын болған тәтті қоймалжыңды су құйылған ыдысқа салып, тағы біраз қайнатады. Осындай тәсілмен қайнапшыққан қоймалжың сұйықтық тытыныс алу жолдары суықтағанда, суықтигенде ішсеңіз, тез айығуға көмектеседі. Сонымен қатар, ота жасатқаннан кейін қаназдықта және қанайналымдықалыпқа келтіруде осы өсімдіктің жаңапіскен жемістерінен тұнба дайындап ішсе, пайдасы мол. Қайнатылған тұнбаның бір стақанын күн сайын ішіп отыру қажет. Асқазан қыжылы мен бүйректе тас, әйелдердегі қан кету кезінде де итмұрын қайнатпасы көмектесе алады. Итмұрыннан дайындал ған осындай тұнбалар мен шайларды үзбей ішіп жүрген адамның бойынан жұмысқа деген құлшынысын, ауруға бейім болмайтындығынан аңғаруға болады. Сонымен қоса, бас ауруының да алдын алатын қасиеті бар.

Камила Дәріқұлова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: