Жұма, 19 сәуiр, 14:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен қарсы алды

22.03.2024

257 0

Табиғат ананың бусанып, тіршілік тірілетін жаңару айын қазалылықтар сән-салтанатымен қарсы алды. Орталық алаңда ізгілік, ынтымақ, бірлік сынды түрлі тақырыпта ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мереке нышаны саналатын наурыз көже әзірленіп, әсерлі ән мен жыр төгілді.

Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі мен шараға қатысушы бірқатар зиялы қауым өкілдерінің және аудан ардагерлерінің қатысуымен 24 бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өтті.

Ұлыстың ұлы күнін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан жұртшылығымен бірге қасы алып, ақжарма тілегін жеткізді.

  • «Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған әз-Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, береке-бірлік тілеймін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», – деді аудан басшысы.

Ұлттық мерекеге орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мен ұжымдар марапат төрінен көрінді.

Мерекеге жиналған тұрғындар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Жергілікті өнерпаздар мерекені думанға бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Сонымен қатар, алаңда қайырымдылық шатыры тігіліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: