Сенбі, 27 сәуiр, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Зияткер отбасы» отбасылық интеллектуалды сайысы өтті

16.05.2023

1086 0

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Зияткер отбасы» отбасылық интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа арнайы қатысқан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Алмасбек Әбілқасымұлы өз сөзінде отбасы институты мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың маңызына тоқталып, мемлекет іргетасының берік болуы үшін отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осы ретте, аймақта облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен әлеуметтік маңызы бар бірқатар маңызды нысандар бой көтеріп, бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кәсіпкерлер демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы биыл тамыз айында, құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын Неке сарайының құрылысы қыркүйек айында, ал 3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы желтоқсан айында пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Осындай қолдаулар мен халықтың жайлы тұрмыс кешуіне бағытталған игілікті шаралардың нәтижесінде аймағымызда демографиялық көрсеткіш пен жас отбасылар қатары көбеюде. Дәстүрлі құндылықтардың қаймағы бұзылмаған Сыр елінде алтын құрсақты аналарымыздың 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері.

Білімді, коммуникативті, ізденгіш әрі тапқыр тұлғаларды даралап, отбасы құндылықтарын дәріптеуді, отбасылық тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы мызғымас байланысты нығайтуды мақсат еткен үздік жобаға Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қ.Каримова, ҚР еңбегі сіңген құрметті ұстаз, ардагер А.Әбдіхалықова, облыстық маслихат депутаты А.Әбибуллаева, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Г.Әбдіхалықова, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары З.Тәжиева, «Жаңа серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы С.Сәрсенбаева, «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің 1 орын иегерлері Қожабековтер отбасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен ҮЕҰ-нің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Сайысқа 7 команда қатысып, 5 кезеңнен тұратын додада өзара бақ сынасты.

Сайыс қорытындысымен, білімділігімен ерекшеленіп, үздік ойын өрнегін көрсеткен Байұловтар отбасы I орынды қанжығасына байлады. Сайыстың II орыны Оспановтар отбасына бұйырса, III орынды Байжігітовтер отбасы иеленді. Ал сайыстың «Көңілді отбасы» номинациясын Исабаевтар отбасы, «Шығармашыл отбасы» номинациясын Супатаевтар, «Креативті отбасы» Әбілхан және «Дарынды отбасы» номинациясын Бисембаевтар отбасы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: