Жұма, 26 сәуiр, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«КАЗЦИНК» КОМПАНИЯСЫ «АЛТЫН ГЕФЕСТ» БАЙҚАУЫНЫҢ БЕДЕЛДІ ЕКІ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

06.06.2023

430 0

«Казцинк» компаниясы  «Алтын Гефест» байқауының екі беделді марапатына ие болды. Бұл тау-кен металлургия кешенінің мамандары үшін, баға жетпес құндылық. Компания қызметкері Елена Мазаева металлургия саласындағы әйелдер арасында үздік деп танылды. Сонымен қатар «Казцинк» үздік әлеуметтік жоба иегері атанды. Халықаралық тау-кен металлургия конгресі салалық индустриядағы ауқымды шара. Оған «Казцинк» дәстүрлі түрде қатысып келеді. Компания өкілдері тақырыптық сессияларға қатысып, идеяларын ортаға салды. Цифрлық жобалар мен әлеуметтік бағытта қалай даму қажеттігін талқылады.   Евгений Фоминов, «Казцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасының бастығы: – Біз үшін бұл пікір алмасумен қатар жаңа серіктестер табуға арналған өте маңызды алаң. Ең бастасы бағыттарды айқындап, өзекті мәселелерді  талқылаймыз. Бұл мемлекет пен компания арасындағы қатынасты нығайтады. Конгресте ең беделді «Алтын Гефест» кәсіби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ол жылына бір рет тау-кен металлургия саласының майталмандарына беріледі. Биылғы байқауда «Казцинк»  бірден екі марапатқа ие болды.  Бірінші  «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында жеңіс тұғырынан көрінді. Компанияның арнайы ашылған бейнемониторинг орталығына құлағында мүкісі бар ондаған адам жұмысқа орналасты.  Олар онлайн режимде компанияның өндірістік алаңдарындағы қауіпсіздікті бақылайды. Бұл оларға қосымша табыспен қатар, жаңа тәжірибе жинауға көмектесті. Казцинктің дәл осы әлеуметтік жобасы «Алтын гефест» байқауында үздік деп танылды.  Одан кейін «Металлургия саласындағы әйел» құрметті атағы  «Казцинк» машинисі Елена Мазаеваға  бұйырды.  Елена Мазаева, «Казцинк» ЖШС мырыш зауытының кран машинисі: – Жұмысым ауыр, әрі өте жауапты. Менің осы еңбегімді жоғары бағалап, марапаттап жатқаны үшін алғысым шексіз. Бұл еңбегімнің жемісі әрі лайықты марапат деп ойлаймын. Байқау комиссиясы Еленаның кәсіби жетістіктерімен қатар адамгершілігіне де жоғары баға берді. Ол мүгедектігі бар жандарға арналған қоғамның беделді мүшесі.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/603612-kaztsink-kompaniyasy-altyn-gefest-baj-auyny-bedeldi-eki-marapatyna-ie-boldy

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: