Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

V «Creative World» халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды

15.03.2024

839 0

Жақында ғана Алматы қаласында «СЫМБАТ» сән академиясының ұйымдастыруымен «Creative world» V Халықаралық байқауында Қорқыт ата атындағы университеттің «Дизайн және технология» білім беру бағдарламасының студенттері Л.Шілдебаева, А.Әлайдарова, Ж.Байымбетовтер дизайн саласындағы киім топтамалары, брендбук, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары бойынша 7 жобаға өз шығармашылық жұмыстарымен қатысты.

Байқауға Моңғолия, Қырғызстан, Якутия, Ресей, Тува және Қазақстанның барлық аймағынан дизайнерлер жиналған.

Конкурс нәтижесі бойынша «Қазіргі қоғамдағы сән және стиль» номинациясы бойынша «ALŞI ASIQ» (алшы асық) ханшайымы киім модельдерінің топтамасы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Айдана Әлайдарованың жетекшілігімен  Педагогика және дәстүрлі өнер институты «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының  студенттері Назерке Абибуллаева, Аяулым Мақсатқызы  екінші орын алды.

 «Алшы» дегеніміз асықтың түсуі ғана емес, ол санада «алушы», «жеңуші», «жаулаушы» т.с.с. мағына туғызады. «Алшы» – асықтың ең жоғарғы тұрысы, жеңімпаздың, салтанат құрушының оңтайы. Қазақтың көптеген асық ойындары ойынды бастау құқын анықтаудан басталады. Ол үшін әр ойыншы асықты шиіреді. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойынды бастайды. Ойын барысында кімнің асығы алшысынан түссе, сол жеңген болап саналады. Сондықтан қазақтар біреуге үлкен табыс тілегенде «асығың алшысынан түссін!» деп айтады. Өйткені, «алшы» дегеніміз жолы болғанды, табысты, жеңісті, үстемдікті білдіреді. Алғашында алшы асықтан брелок жасадым. Халықтың қызығушылығын тудырды. Кейін интерьерге арналған жүннен төзімсіз ойық әдіспен құмыра жасадым. Оны да асықпен үйлестіріп конкурстарға қатысып финалист болдым. Мұнан соң киімге неге алшы асықтарды үйлестірмеске деген ой келді. Осылайша этностильде «Сән үлгісі» жанры бойынша «ALŞI ASIQ» (алшы асық) ханшайымы топтамасында түймелер орнына алшы асықтарымызды қазақ қыздарының жолы ашық болсын, жеңісті күндері көп болсын деген идеялар тұрғысында үйлестірдік, а – дейді жоба жетекшісі Айдана Әлайдарова.

Ал «KORKYT ARULARY» топтамасы – дефилесін дайындаған университет профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ләззат Шілдебаеваның жетекшілігімен Педагогика және дәстүрлі өнер институты «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының  студенті Ақниет Сағидуллақызы мен Ботакөз Нұржігітова үшінші орынға ие болды.

«Өнер және мәдени мұра: Көркем киіз, қолмен тоқу, қолмен кесте тігу, құрақ, қазақтың ұлттық ою-өрнегі» номинациясы бойынша – университеттің аға оқытушысы Айдана Әлайдарқызының жетекшілігімен Педагогика және дәстүрлі өнер институты «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының  студенті Дана Әділбекқызы үшінші орын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: