Сенбі, 04 мамыр, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жұрт тіпті тас ұрлауға да көшті

17.05.2023

536 0

Тас ұрлайтындар бар: Маңғыстаудағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін

Жоспарға туристік орындардың техникалық-экономикалық негіздемелері енгізіледі. Құжат дайын болған соң, экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданады.

Торышты мемлекет қорғауына алуға шатқалдан әлдекімдердің тас ұрлауы себеп болып отыр.

«Торыш шатқалы қазір ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатпайды. Сондықтан табиғи ескерткіштерді түгендеп, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жасақталғаннан кейін арнайы құжаттары, АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін. Қазір аймақ әкімдігі жоспар жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

сонан кейін барып мемлекеттік табиғи ескерткіш ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіргізіледі», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.

Саяхаттаушылар жиі баратын тарихи аумақты ЮНЕСКО құрамына өткізуге 2017 жылы өтінім берілген. Алайда халықаралық ұйым тарапынан қолдау таппаған.

Телеарнаның ақпаратынша, бұл кезінде Тэтис мұхитының табаны болған табиғи орын. Ал диаметрі 4 метрге дейін баратын шар пішіндес тастарды ұрлайтындар бизнес нысандар мен қонақүйлердің алдын безендіру үшін алады екен.

Жуырда әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің Торыш шатқалынан тастарды жүк көлігіне тиеп, әкетіп бара жатқаны түсірілген видео тараған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: