Сейсенбі, 05 мамыр, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Қыстың қамын қазірден қамдау қажет

05.05.2026

52 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, жылу беру маусымының қорытындыcы және алдағы қысқы кезеңге дайындық барысы талқыланды. Маңызды жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов бұл мәселенің өзектілігіне байланысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қалада 1 623 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Жыл сайын барлық жылу қазандықтары жылу беру маусымына дейін дайындықтан өтеді.
Биылғы жылу беру маусымында жоспарланған қатты отын көлемінің қоры 59 мың тонна болып бекітілсе, бұл кезеңде көмір қоры бойынша ешқандай мәселе туындаған жоқ. Алдағы уақытта да осы бағыттағы шаралар жүйелі жүргізілетін болады.

– Қала аумағындағы және кенттер мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысан қазандықтарының толық дайындығы мен отын қорының жасақталуы қатаң бақылауға алынып, жылыту маусымына толық дайын болуы қажет. Келер жылға осы бастан көмір жеткізушілермен келісім-шарттарды уақытылы жасасып, логистикалық мәселелерді алдын ала шешу маңызды, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында күн тәртібінен тыс бірқатар мәселе талқыланды. Соның бірі – қаланың тазалығына қатысты. Бұл орайда тұрғындардың өмір сүру сапасы мен өңірдің өн бойының айнасы – санитарлық жағдайды және абаттандыруды тұрақты жүргізудің маңызына тоқталды.

–Мемлекет Басшысының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде атқару – басты міндеттің бірегейі. Бұл облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрған мәселе. Сондықтан тазалық талабын бұзған жағдайлар болса, заң шеңберінде шара көруге тиіспіз, – деді шаһар басшысы.

Отырыста алдағы атаулы күндерді айшықты, мәнді өткізу бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма жүктелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: