«Цифрлық медианың енді ғана қалыптаса бастаған кезі. Сайт жұмысын жүргізу, ақпарат табу оңай болмады. Алғашында күн сайын 15 ақпарат табудың өзі қиын болды. Сайт жұмысын игеру үшін бағдарламалау тілін меңгеру қажет болды», – дейді кейіпкеріміз, зейнеткер Насреддин аға. Оның еңбек жолындағы ең бір шуақты сәттердің бірі – интернет басылымда жұмыс істеген кезі. Технология тілін көпшілік әлі меңгеріп үлгермеген кезде, алғашқылардың бірі болып сайт жұмысын меңгеріп дөңгелетіп әкету оңай болған жоқ. Қызығы мен шыжығы мол жаңа жобаны жүзеге асыру үшін табандылық пен тынымсыз еңбек қажет.
Осыдан 15 жыл бұрын «Кyzylorda-news.kz» интернет газеті оқырманға жол тартты. Бастапқы кезеңде тың бастама көпшілікті елең еткізгенімен интернет газеттің бір ізге түсіп кетуі оңай болмады. Себебі ол кезде ғаламтор игілігі облыс тұрғындарына бірдей қолжетімді емес еді. Сыр өңіріндегі тұңғыш интернет басылым ашылған жылдары жаңа жұмыстың жауапкершілігін көтерген қызметкерлердің бірі, сайт операторы Насреддин Бахманов еді.
«Цифрлық медианың енді ғана қалыптаса бастаған кезі. Сайт жұмысын жүргізу, ақпарат табу оңай болмады. Алғашында күн сайын 15 ақпарат табудың өзі қиын болды. Сайт жұмысын игеру үшін бағдарламалау тілін меңгеру қажет болды», – дейді кейіпкеріміз, зейнеткер Насреддин аға. Оның еңбек жолындағы ең бір шуақты сәттердің бірі – интернет басылымда жұмыс істеген кезі. Технология тілін көпшілік әлі үлгермеген кезде алғашқылардың бірі болып сайт жұмысын дөңгелетіп әкету оңай болған жоқ. Қызығы мен шыжығы мол жаңа жобаны жүзеге асыру үшін табандылық пен тынымсыз еңбек қажет.
Осыдан 15 жыл бұрын «Кyzylorda-news.kz интернет газеті ақпарат кеңістігіне қадам басты. Бастапқы кезеңде тың бастама көпшілікті елең еткізгенімен интернет газеттің бір ізге түсіп кетуі оңай болмады. Себебі ол кезде ғаламтор игілігі облыс тұрғындарына бірдей қолжетімді емес еді. Сыр өңіріндегі тұңғыш интернет басылым ашылған жылдары интернет газетінің жауапкершілігін көтерген қызметкерлердің бірі, сайт операторы Насреддин Бахманов еді.
2010 жылдары интернет басылымдар мен ақпарат агенттіктер бірінен соң бірі ашылып жатты. Ізінше 2011 жылдың 5 мамырында Сыр өңірінде екі тілде ақпарат тарататын алғаш «Kyzylorda-news.kz» интернет газеті өмірге келді. Жаңадан ашылған интернет газеттің бас редакторлық қызметіне республикалық «Караван» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Елібай Жікібаев шақырылды. Ол интернет басылымның жүйесін бір жолға түсіру үшін аянбай еңбек етсе, Насреддин Бахманов дизайн жасау жұмысын қолға алды.
– Алғашқы кезде ақпараттарды сайтқа орналастыру жұмысын игердік. Ол кезде бүгінгідей бір батырманы баса салу жоқ, ақпарат жариялау үшін бағдарламалау тілін меңгеру талап етілетін. Интернет газетте тек Қызылорда облысына қатысты жаңалық жариялап отырдық. Күніне екі тілде 15 ақпарат жариялау тапсырылды. Алғашқы күндері осынша ақпарат табу қиын болғанымен Елібай Зұлқарнайұлының іскерлігінің арқасында облыстық мекемелердің баспасөз қызметімен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Ең бастысы, оқырманға жаңалықты дер кезінде жеткізіп отырдық, – дейді Насраддин Бахманов.
Уақыт бір орында тұрмайтынцы белгілі. Сәт сайын технология өзгерген заманда аймақтық интернет басылым да уақыт көшіне ілесуге ұмтылды. Жаңа айдарлар қосылып, қазақ, орыс тіпті ағылшын тілінде ақпарат жариялана бастады. Оқырмандармен кері байланысты жандандыру мақсатында «Бізге жаңалық жіберіңіз» бөлімі жұмыс істеді. Технология жетіліп, сайттың мобильді нұсқасын жасау қажеттілігі де туындады. Ал оқырмандар жаңалықты кез келген уақытта, кез келген жерден оқи алатын мүмкіндікке ие болды. Тіпті, нашар көретіндерге арналған нұсқаға дейін жоғары деңгейде жасалды.
– Уақыт өте келе сайтқа ақпарат салу жұмысын жеңілдеттік. Бұрынғыдай тек оператор ғана емес, әр тілші сайтқа өзі әзірлеген ақпаратты дер кезінде салуды үйренді. Сондай-ақ интернет газетте журналистер аптасына бір сұхбат, бір сараптамалық мақала жазуға міндетті болды. Бұл тілшілерге қиын болған жоқ. Сайтқа күніне жариялануы тиіс деген 15 ақпараттың санын 18-ге, одан кейін 20-ға жеткіздік. Осылайша, «Қызылорда облысының интернет газеті» деген атымызға сай болу үшін еңбек еттік, – дейді Насреддин Қайназарұлы.
Сол жылдары Президент жанындағы әлеуметтік зерттеулер институты оқырманды сайттар мен әлеуметтік желілердегі шоу-бизнес, жеке адамдардың өмірі және алып-қашпа әңгіме қызықтыратынын анықтаған. Сол уақытта елдегі сайттар рейтинг қуып, танымалдылыққа ұмтылып жатқанда, «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы сенсацияға, жылт еткен дүниелерге үйір бола қойған жоқ. Редакция тек ақпарат берумен шектелмей, визуалды контентке де ерекше мән берді. Сайтта жарияланған ақпараттың сапасы арта түсті. Фоторепортаждар беру жолға қойылып, апта сайын түрлі тақырыптарда суреттер топтамасын беру дәстүрге айналды.
– Бірде редактор Мұрат Жетпісбаевқа тұңғыш немеремнің суретін ұсынып, «құр сурет тақырыпты ашпайды, астына өлең жазып бер», – деп қолқа салдым. Сол фоторепортаж 10 жылға жуық сайт бетінде сақталды. Кейін табиғат көріністерін, соның ішінде «Тораңғыл» ағашын суретке түсіріп, оған орыс редакциясының бас редактор орынбасары Әлібек Байшүленов арнайы мақала жазып, мазмұнды дүние жарық көрді, – дейді Насреддин Бахманов.
Алғашқы жылдардағы табанды еңбек пен тәжірибе ақпараттық агенттік тарихындағы ұмытылмас кезең. Сол жолды бастаған буынның еңбегі бүгінгі жетістіктердің берік іргетасына айналды. Бүгінде облыстағы алғашқы «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінде аға буын мен жас толқын арасындағы сабақтастық жалғасып, жаңашылдық пен тәжірибе үйлесім тауып келеді.
Думан Кеңшілік
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!