Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сайыс өтті.
Білім алушылар сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға тигізетін теріс әсерін жан-жақты талқылап, оған қарсы күресте білім мен жүйелі іс-қимылдың маңызын ерекше атап өтті.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сайыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жусупалиев, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы Сандуғаш Ержанова және комплаенс-офицер Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.
Сайысқа алты команда қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.
Нәтижесінде «Ақиқат жаршылары» – І орын, «Femida» – ІІ орын және «Law and justice» командасы – ІІІ орын иеленді.Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы мақсатының (Әділдік, бейбітшілік және мықты институттар) аясында, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясың терең орнықтыру бағытында ұйымдастырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!