Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Кәсіби бағдар берудің маңыздылығы жоғары

24.11.2022

1355 0

Қызылорда қаласындағы Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектепте «Психологтың жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар берудегі тиімді жолдары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы қабілеттері мен бейімділіктерін, кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтау мен дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибелер арқылы бөлісу мақсатында өткен шараға шаһардағы орта білім беретін мектептердің психолог мамандары қатысты.


Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада қалалық білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбайқызы мен Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің директоры сөз сөйлеп, психолог мамандарға әдістемелік көмек беруді мақсат тұтқан семинардың маңыздылығын атап өтті.


Семинарға қатысушы мамандар орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша әдістемелік көмек көрсету, оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау және оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинауды үйренді. Одан бөлек мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмысына жұмылдырудың әдістерін меңгерді.


Іс-шарада №43 орта мектептің педагог-психологі Жанерке Берікқызы «VUCA жағдайында оқушының мамандыққа қызығушылығын платформа арқылы анықтау» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп педагог-психологі Меруерт Байзақова, математика және информатика пәні мұғалімі Ботагоз Байданова «Кәсіби бағдар – болашаққа жол!» тақырыбында сабақ көрсетті. Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің педагог-психологі Нұрғали Уәлихан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маратова Меруерт «Дұрыс таңдалған мамандық – болашықтың кепілі» тақырыбында сабақ өткізсе, С.Лапин атындағы №261 орта мектептің педагог-психологі Айгерім Жусупова, тарих және құқық пәні мұғалімі Уркен Асанова «Мен таңдаған мамандық – болашағымның бастауы» тақырыбында сабақ көрсетті.


Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің тын тәсілдерімен бөлісу мақсатында өткен шара «Біз – Тәуелсіз ел ұланымыз» атты концерттік бағдарламаға ұласып, семинарға қатысқан ұстаздар қауымы білім бөлімінің арнайы сертификатымен марапатталды.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: