Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

07.12.2020

2281 0

Бүгінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау жүріп жатыр.
2021-2022 оқу жылында Сыр өңіріндегі NIS-те білім алу үшін жалпы білім беретін мектептердің қазіргі 6-сынып оқушылары алдымен конкурстық іріктеуге тіркелуі қажет. Ол үшін 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін тиісті құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыруы тиіс. Олар: конкурсқа қатысу үшін өтініш, сауалнама, үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, 086/у медициналық анықтама формасы, мектеп басшысының қолымен расталған және мөрімен бекітілген соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің көшірмесі, үміткердің цифрлі 3х4 фотосуреті.

Маңызды ақпарат! Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келу үшін арнайы брондау жүйесін пайдалану қажет. Яғни үміткерлер онлайн кезекке тіркеліп, таңдаған күні мен уақытта мектепке құжаттарын тапсыра алады

Халық денсаулығы бірінші кезекте. Сондықтан аймақтағы эпидахуалға байланысты адамдардың көп шоғырлануына жол бермеуіміз маңызды. Онлайн кезекке тұру үшін мектебіміздің kzl.nis.edu.kz порталына кіріп, «Үміткерлерге» немесе «Конкурстық іріктеу» бөлімдерінде көрсетілген «Кезекті брондау» қосымшасын пайдалануға кеңес береміз, – дейді қабылдау комиссисының хатшысы Балымкүл Тобағабылова.

Жоспар бойынша үміткерлер арасында конкурстық іріктеу 2021 жылдың 11-12 наурыз күндерінде өткізу жоспарланған. Аталмыш тестілеуге қажетті құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырған үміткерлер ғана қатыса алады. Сондай-ақ, биыл конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына өзгерістер енгізіледі. Сынақ тапсырушылар «Жаратылыстану» бөлімі бойынша қосымша апробациялық тесттен өтеді. Бірақ оның нәтижелері конкурстық іріктеу қорытындысын статистикалық және психометриялық өңдеу кезінде есептелмейді.

Қабылдау комиссиясы күнделікті сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Үзіліс сағат 12.30-13.30 аралығында.

Үміткерлер құжаттарды Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6 мекен-жайы бойынша тапсырады.

Қосымша ақпаратты +7 7242 55 11 52 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: